Accessibility links

Мұнай биржаларында баға төмендеді


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің мәліметінше, жетекші мұнай биржаларында 2009 жылдың 6 сәуіріндегі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы біршама төмендеген.

«Алдағы айға мұнай фьючерсінің ресми бағасы мынадай болды: Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында — IPE Brent Crude мұнайының бір баррелі үшін баға 52,24 доллар (-1,23) ; Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil мұнайының баррелі 51,05 доллар (-1,46) болды», —делінген агенттік хабарламасында.
XS
SM
MD
LG