Accessibility links

Түркияда Обамаға қастандық жасамақшы болған күдікті қолға түсті


Түркияға ресми сапармен барған АҚШ президенті Барак Обамаға қастандық жасауға дайындалды деген күдікті Стамбул қаласында ұсталды, — деп хабарлады президентті күзетуші американдық арнаулы қызметтің өкілі Эд Донован.

Оның айтуынша, Барак Обаманың өміріне ешқандай қауіп төнбеген, өйткені президент Түркияға келерден екі күн бұрын күдікті қолға түскен.

Арнаулы қызмет қолға түскен күдікті туралы қосымша ақпарат беруден бас тартты. Халықаралық ережелерге сәйкес, американдық тарап түрік үкіметінен болған оқиғаға байланысты толық ақпарат ала алады.
XS
SM
MD
LG