Accessibility links

«Нұр Отан» мен «Ақ жол» дағдарысқа қарсы бірігіп күреспек


Бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның орталық аппаратында экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы «Нұр Отан» ХДП мен «Ақ жол» ҚДП арасындағы Меморандумға қол қойылды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаевтың айтуынша, партиялардың бастамасымен жасалған меморандумның негізгі мақсаты —экономикалық дағдарыс жағдайында қазақстандық қоғамды біріктіріп, халықтың ынтымағын нығайту.

«Біз қазір алты ауыз болуды қоя тұрып, дағдарысты тезірек жеңуге барлық күшті біріктіре жұмсауымыз керек. Біздің партия Қазақстанның мүддесін басымдыққа ала отырып, бұл декларацияға үміт артады», — деді «Ақ жол» ҚДП-ның төрағасы Әлихан Бәйменов.

Қазір аталған Меморандумға «Нұр Отан» ХДП, «Ақ жол» ҚДП-мен қоса Қазақстанның Коммунистік партиясы, «Руханият», «Ауыл» социал-демократиялық партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы мен «Әділет» партиялары қол қойған.
XS
SM
MD
LG