Accessibility links

Алматыда тіркелген екі жалған кәсіпорын мемлекетке 11 млрд 414 млн теңгеден аса шығын әкелген


ҚР Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда «Статус БЭСТ» және «Селектив Креат» атты екі ЖШС «кәсіпкерлікпен айналысу ниетінсіз, салық төлеуден жалтару және басқа да мүліктік пайда табу ниетімен» тіркелген.

Алматы қаржы полициясы аталған кәсіпорындарды тіркеген бірнеше азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-тармағының «а» және «б» тармақшалары (жалған кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жалған кәсіпорындардың мемлекетке келтірген шығыны 11 млрд 414 млн 503 мың теңге шамасында.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG