Accessibility links

Италия зілзаласынан қаза болғандар саны өсе түсуде


Италияның орталығында болған жер сілкінісінен қаза болғандардың саны кем дегенде 179-ға жетіп отыр. 34 адам жоғалғандар қатарында есептелуде. Дүйсенбі күні болған, күші 6,2 балдық бұл зілзаладан бірнеше ондаған мың адам баспанасыз қалғанға ұқсайды.
Абруззо таулы ауданындағы елдімекендерде үйлердің көбісі қирап қалған. Құтқару қызметінің өкілдері қирандыларды қазып, тірі қалғандарды әлі де іздестіруде.

Сильвио Берлускони Абруззо аумағында төтенше жағдай енгізілетінін жариялап, Мәскеуге баратын жұмыс сапарын кейінге қалдырды.

Италияда соңғы 30 жылдағы ең күшті жер сілкінісі ретінде тіркелген бұл зілзала дүйсенбіге қараған түні орын алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG