Accessibility links

Пәкістан әл-Қаида мен Талибанға қарсы күресте алғышарттарсыз қолдауға зәру


Бұл жөнінде Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари дүйсенбіде АҚШ-тың арнайы өкілі Ричард Холбрук пен Біріккен бас штабының төрағасы, адмирал Майк Мюлленмен кездесуі барысында мәлімдеді. Пәкістан әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және лаңкестік әрекеттерге қарсы күресте жаттығулар мен жабдықтар көмегіне зәру деді Зардари. Қос өкілдің бұл сапары-АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанға байланысты жаңа стратегиясымен таныстырғалы бері, Пәкістанға америкалық ресмилер тарапынан жасалып отырған алғашқы сапар.
XS
SM
MD
LG