Accessibility links

Журналист Алишер Саиповты атуға пайдаланылған тапанша табылды


Қырғыз полициясы осыдан екі жыл бұрын журналист Алишер Саиповты өлтіруге қолданылған тапаншаны тапты. Қырғызстанның Лейлек ауданында, ақпанның соңында есірткі тасымалдаушыдан Макаров тапаншасы мен 16 килограм апиын тәркіленген екен. Арнайы зерттеулер нәтижесі бұл тапаншаны Саиповты өлтірушінің пайдаланғанын анықтап отыр. Дәл осы тапанша сондай-ақ 2007 жылы түнгі клубтағы атыста да пайдаланылған дейді хабарлар.
XS
SM
MD
LG