Accessibility links

Молдова шерулері асқынып барады


Молдова астанасы Кишиневте парламент сайлауындағы коммунистердің жеңісіне наразы 10 мыңдай жұрт президент сарайына және парламент ғимаратына шабуылдап, қолына түскен заттарды өртеуде. Полиция шерушілерге қарсы көз жасаурататын газ пайдаланды. Шерушілердің 20 шақтысы жараланған. Олар дауыс қортындыларының бұрмаланғанын айтып отыр. Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы Молдовадағы сайлаудың кейбір тұстарын жетілдірудің қажеттігін атап көрсетті. Ресми мәліметтер бойынша, коммунистер парламент сайлауында 50 пайызға жуық дауыс алған. Екі рет сайланған Владимир Ворониннің 3-ші мәрте президенттікке түсуіне конституция бойынша хұқы жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG