Accessibility links

Обама: Келесі 18 ай Ирақ үшін күрделі болмақ


АҚШ президенті Барак Обама бұл пікірін Ираққа сапары барысында білдірді. Алдын-ала хабарланбаған бұл сапарында Обама Ирақтағы АҚШ қолбасшылары және жауынгерлерімен кездесті. Сондай-ақ Ақ үй өкілдерінің бұдан бұрын айтуынша, Обама Ирақ басшыларымен телефон арқылы ғана сөйлеседі. Ауа райының нашарлығы тікұшақтың ұшу мүмкіндігіне кедергі жасағандықтан да президент бұл жолы Ирақ басшыларымен жеке жүздесе алмайтын болып отыр деген еді ресмилер. Алайда Ақ үй кейінірек Обаманың Ирақ үкімет басшысы Нури әл-Маликимен АҚШ әуе базасында кездесетінін хабарлады. Қос басшы Ирақтан АҚШ әскерін шығару және қауіпсіздік сауалдарын талқыламақшы.

Бұдан бұрын Обаманың Еуропа мен Түркияда 8 күндік сапарда болғаны белгілі.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG