Accessibility links

Алматы мен Бішкек іскерлік хаттамаға қол қойды


Алматы әкімдігінде қала әкімі Ахметжан Есімов пен Бішкек қаласының мэрі Нариман Төлеев кездесіп, серіктестік ынтымақты жандандыру, экономикалық және мәдени байланысты қалыптастыру, тәжірибе алмасу сияқты мәселелерді талқылады, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы қаласының әкімі мен Бішкек қаласының мэрі екі қала арасындағы іскерлік хаттамаға қол қойды. Хаттама бойынша іскерлік байланыс негізінен қалалық және тұрғын үй- коммуналды шаруашылық, көгалдандыру, көлік, денсаулық сақтау, білім мен мәдениет және гуманитарлық байланыс бағытында өрбитін болады.

Кездесу барысында сөз болған мәселенің бірі — көрші мемлекеттерден келетін мигранттар жайы. Ахметжан Есімов құқық тәртібін сақтауда өзара жұмысты жоғары деңгейде жүргізу қажеттігін атап көрсетіп: «Қазіргідей қиын кезеңде біз қоғамдық тәртіпті сақтауға баса назар аударуымыз қажет. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, мигранттардың үлесі төмен болғанымен, қаладағы қылмыстың 50 % солар құрап отыр», — деді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG