Accessibility links

Бакуде Каспий өңірінің мұнай, газ және сауда- транспорттық мәселесі талқыланады


27 - 29 сәуір күндері Бакуде Каспий өңірінің 3-мұнай, газ және сауда- транспорттық конференциясы өтеді. Онда Каспий өңірінің халықаралық энергетикалық саясаттағы рөлі талқыланады.

Конференция жұмысы «Каспий өңірінің макроэкономикалық аспектілерін дамыту», «Каспий мұнайы мен газы үшін экспорттық маршрут. Энерготасымалдаушылар саудасы», «Каспий акваториясы», «Каспий өңірінің инвестициялық жобалары» атты төрт сессияның аясында өтеді.

Шараның ұйымдастырушылары британдық Confidence Energy Ltd компаниясы мен Әзірбайжан мемлекеттік мұнай академиясы (АГНА).

Конференцияға Қазақстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Ресей, Иран, Түркия, Грузия, Украина, Румыния, Болгария, АҚШ, Еуроодақ және Азия Тынық мұхиты аумағы мемлекеттері мұнай, газ саласының 150-ден астам өкілдері қатысады.
XS
SM
MD
LG