Accessibility links

Алматы темір жолының бастығы тұтқындалды


Алматы қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ-ның Алматы бөлімінің бастығы Талғат Бадамбаевқа қатысты үш ірі жемқорлық бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды.

Отставкадағы теміржол «генералына» қызмет бабын асыра пайдалану, алаяқтық және жалғандық бойынша айып тағылды. Тұтқындағы Бадамбаев тергеу изоляторында сот үкімін күтуде.

Темір жол тасымалы мекемесінің басшылығы Алматыдағы кеңсеге 4 жаңа заманғы лифт орнату үшін 17 483 040 теңге бөлген. Алматы бөлімінің бастығы қызмет бабын пайдаланып, өзіне және «ПФК КУТ Спецстрой» ЖШС –нің директоры Т.Жандарбековке пайда түсіру үшін мекеменің дирекциясына «Liuzhou City Dujin Traiding Ltd» қытай компаниясынан 4 лифтіні қабылдап алғандығы туралы акт пен шығын тізімі сияқты жалған құжаттар жіберген. Ұлттық компания басшылығы бұл ақшаны Т.Жандарбековтің фирмасының есепшотына аударған.

Қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Тубинаның мәліметінше, аталған мекемеде 4 жаңа лифтінің орнында ескі, бұдан он жыл бұрынғы лифт жұмыс істеп тұр. Және «ПФК КУТ Спецстрой» ЖШС-нің 2004-2009 жылдар аралығында Қазақстанға ешқандай да жолаушылар лифтісін тасымалдамағаны туралы Алматы кеден бақылауы департаменті ресми жауап берген. Сыбайлас жемқорлық бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ-ның Алматы бөлімінің бастығына ресми айып тағылды. Ол қамауға алынды, ал таптырмай кеткен Т.Жандарбековке іздеу жарияланды.

Талғат Бадамбаевқа 10 жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр және мүлігі тәркіленіп, бұдан кейін 7 жылға дейін мемлекеттік қызметпен айналысуына тиым салынады.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG