Accessibility links

Тәжік соты есірткі саудасымен айналысқан кісіні өмірлік түрме жазасына кесті


Тәжікстанның жоғарғы соты халықаралық есірткі тасымалының жетекшісі Сухроб Лангариевті өмір бойы бас бостандығынан айырды. Бүгін соттың баспасөз кеңсесі таратқан мәлімдемеге сәйкес, Лангариевтің қылмыстық тобына мүше 7 адам да өмірлік түрме жазасына кесілген. Ал қалған 11 кісі 6 жылдан 21 жылға түрмеге жабылған. Лангариев өткен жылдың мамыр айында қамауға алынған болатын.
XS
SM
MD
LG