Accessibility links

Молдова полициясы парламентті өз бақылауына алды


Молдовада қауіпсіздік күштері президент пен парламенттің кеңселерін өз бақылауына алды. Парламент сайлауындағы коммунистердің жеңісіне наразы болған халық бұл ғимараттарға сейсенбі күні шабуылдаған болатын. Бірқатар шерушілер қамауға алынды деп хабарланып отыр. Зорлық-зомбылық әрекеттері барысында бір әйел қаза тауып, шамамен 100 адам жарақат алды.

Либералды демократтар партиясының жетекшісі Влад Филаттың мәлімдеуінше, билік орындары демалыс күндері болған сайлаудағы дауыстарды қайта санаудан бас тартқан. Оппозициялық наразылық шарасынан кейін енді репрессиялар болуы мүмкін деді Филат.

Коммунисттік президент Владимир Воронин оппозицияны “мемлекеттік төңкеріс” ұйымдастырмақшы деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG