Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің өкілдері Иран мәселесін талқыламақ


Алты алпауыт елдің өкілдері бүгін Лондонда кездесіп, Иранның даулы ядролық бағдарламасын талқылайды. АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 5 мүшесі – Британия, Қытай, Франция, Ресей, АҚШ елдері - және Германия өз дипломаттарын бұл жиынға жібереді. Олар Иранды ядролық жұмыстарын тоқтатуға көндіріп көру мәселесін талқыламақ.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып, ядролық бағдарламамыз тек бейбіт мақсатты ғана көздейді деп отыр.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG