Accessibility links

Иран президенті АҚШ-пен "шынайы" келіссөздерді қолдайды


Иран АҚШ-пен келіссөздер өткізу мүмкіндігін жылы қарсы алады бірақ американдық президент өз әрекеттерінде “шынайылық” көрсетуі тиіс. Иран президенті Махмуд Ахмадинежад сәрсенбі күні осылай деп мәлімдеді. Исфахан қаласындағы халық алдында сөйлеген сөзінде Ахмадинежад Иран елі “АҚШ саясатында іс жүзінде маңызды өзгерістердің болуын күтіп отыр” деп атап көрсетті. Ахмадинежадтың айтуынша, сөздер жеткілікті емес.

АҚШ президенті Барак Обама өткен айда жариялаған бейнетаспасында Иранмен жақсырақ байланыс орнатқысы келетінін айтып, арадағы қарым-қатынастарды жаңартуды ұсынған болатын. Иран мен АҚШ 1979 жылғы Ислам төңкерісінен кейін арадағы дипломатиялық байланыстарын үзген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG