Accessibility links

Оппозиция жетекшілеріне қатысты сот отырысы жалғасады


Бүгін Алмалы аудандық сотында оппозиция жетекшілеріне қатысты сот отырысы жалғасады, бұл отырыста адвокаттардың өтініші қаралмақ. Процесті Алмалы аудандық сотының төрағасы Арман Шамшиев жүргізеді.

Арман Шамшиевтің төрағалығымен өткен алдыңғы сот отырысында негізгі сот тыңдаулары қайтадан басталды. Сондай-ақ журналистерге аудио, видеотехникаларды пайдалануға рұқсат беру мәселесі де қайта қаралды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов, «Шаңырақ» қозғалысының жетекшісі Асылбек Қожахметов пен Коммунистік партияның хатшысы Төлен Тоқтасыновтарға Қазақстан үкіметі «қылмысты бүркемеледі», ағайынды Байсақовтарға Украинадан саяси босқын мәртебесін алып беруге көмектесті деген айып тағып отыр.
XS
SM
MD
LG