Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысындағы су алып кеткен үйлерден 43 адам көшірілді


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданындағы Бұқтырма өзенінің тасуы салдарынан су алып кеткен үйлерден 43 адам көшірілген.

8 сәуірде су деңгейі 60 сантиметрге көтерілген. Бұқтырма өзенінде екі жарылыс жасалды. Сең Сенное ауылынан төменгі ағысты бойлай 5 - 7 шақырымға дейін бөгелген. Жару жұмыстары бүгін таңертең қайта жалғасты.

Төтенше жағдайдың салдарын жою мен қалпына келтіруге 2 тікұшақ, 12 техника, 3 жүзу құралы мен Азаматтық қорғаныс құрылымдарының 104 адамы жұмылдырылды.
XS
SM
MD
LG