Accessibility links

Темірлан ауылының тұрғындары халықаралық жолдың ауыл үстінен өтуіне қарсылық білдіруде


Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылының тұрғындары ауыл аумағы арқылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік автожолын салуға келісімін бермеді, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

Темірлан ауылында өткен қоғамдық тыңдауда ауыл тұрғындары транзиттік автожол тартуға түбегейлі келісімдерін бермейтіндерін мәлімдеді. Олардың айтуынша, ені 30 метрлік жол ауылды екіге бөліп, тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтірмек.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік автожолының Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұзындығы 458 шақырымға тең. Бұл жобаны жүзеге асыруға Қазақстан 3,5 млрд доллар көлемінде несие тартқан. Қазір қол қою процедуралары жүргізілуде және сәуірде аталған келісімдер ратификацияланады.
XS
SM
MD
LG