Accessibility links

Тбилисиде оппозициялық шеру басталды


Бүгін Грузия астанасы Тбилисиде оппозицияның жаппай шеруі басталды. Олар президент Михаил Саакашвили биліктен кеткенше ереуілдерін жалғастыра беретіндерін айтып отыр.
Грузия билігі 2007 жылы қарашада бірқатар көтерілісті басып тастаған соң, Саакашвили елде кезектен тыс сайлаулар өткізуге шақырып, екі айдан кейін ол сайлауда өзі жеңіске жеткен болатын.
Саакашвилидің қарсыластары "ол жеңіске әділетсіз жолмен келді" деп айтады. Сарапшылар өткен жылғы тамыз айындағы Ресеймен соғыстан кейін президент Саакшвилидің билігі әлсіреді деп айтуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG