Accessibility links

Алматылық кәсіпкердің үйі тоналды


ҚазТАГ хабарлағандай, Алматы қаласының Алатау ауданында Заря Востока поселкесіндегі Сайран көшесінде орналасқан зардап шегушінің үйіне «пәтер жалдау» деген сылтаумен кірген белгісіз үшеу үй қызметшісін байлап тастап, сейфтен 8 мың доллар және бірнеше ондаған алтын әшекейлерін алып кеткен.

Қылмыстық оқиға үй иесінің жоқ кезінде орын алған. Үй иесі Алматы базарларында бірнеше сауда нүктелері бар 45 жастағы әйел. Кәсіпкердің үйіне қылмыскерлер екі рет барлау жасаған. Алғашында пәтер жалдау туралы сұрап келген олар артынша ақша әкелдік деп келіп, қылмыс жасаған.

Атын атамаған полицияның мәліметінше, қылмысқа үй қызметшісі Өзбекстан азаматшасының қатысы болуы мүмкін деген болжам да жоққа шығарылмайды. Аудандық ішкі істер бөлімі аталған ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG