Accessibility links

Иран келіссөздерден бұрын ұсынысты қарамақшы


Иран Батыстың ядролық келіссөздеріне жауап бермес бұрын, оның егжей-тегжейін қарап шығатын болады. Бұл туралы президент Махмуд Ахмединежадтың бас көмекшісі Рейтерс агенттігіне айтып отыр.
Теһранға келіссөздер ұсынысын Құрама Штаттар, Ресей, Қытай, Франция, Британия және Германия Лондондағы келіссөздерден кейін жасаған болатын.
Иранмен тікелей келіссөз өткізуден бас тартып келген АҚШ-тың бұрынғы саясатын өзгерте бастаған президент Барак Обама әкімшілігі қазірден бастап Құрама Штаттар Иранмен оның ядролық мәселелерін талқылауына қатысатын болады деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG