Accessibility links

Ресей газы Оңтүстік Кореяға бірінші рет осы аптада жетеді


Ресейдің алғашқы газ тасымалы Оңтүстік Кореяға осы аптада жетеді. 65 мың тонна болатын табиғи газ тасымалы портты қала Тхонъенге әкелінеді. Оңтүстік кореялық ақпарат көздерінің жазуынша, бұл Ресеймен жылына 1,5 млн тонна газ жеткізу бойынша 20 жылға жасалған келісімнің алғашқы тарихи тасымалы болып отыр.
Оңтүстік Корея осыған дейін Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияның газына тәуелді болып келген.
Оңтүстік Корея табиғи газды әлем бойынша ең көп тұтынатын елдердің бірі. Бұл елдегі тұрғын-үйлерді жылытудың өзіне 7,8 млн тонна газ импорты келеді екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG