Accessibility links

Мұнай биржаларында баға көтерілді


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің мәліметінше, жетекші мұнай биржаларында 2009 жылдың 9 сәуіріндегі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілген.

«Алдағы айға мұнай фьючерсінің ресми бағасы мынадай болды: Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында — IPE Brent Crude мұнайының бір баррелі үшін баға 54,06 доллар (+2,47) ; Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil мұнайының баррелі 52,24 доллар (+2,86) болды», —делінген агенттік хабарламасында.
XS
SM
MD
LG