Accessibility links

ШЫҰ бас прокурорлары жетінші рет кездеседі


13-14 сәуір аралығында Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер бас прокурорларының жетінші отырысы өтеді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай бас прокурорлары азаматтардың құқығын қорғау, дағдарыс жағдайындағы экономикалық құқық бұзушылықпен күрес, есірткі тасымалы, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелерін талқыламақ. Бұл жиынға Қазақстан делегациясын ҚР бас прокуроры Қайрат Мәми бастап барады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG