Accessibility links

Қазақстан демократиялық оппозициясының республикалық форумы өтеді


Ертең таңертеңгі сағат 10.00-да Алматыдағы Қарасай батыр мен Әйтиев көшелерінің қиылысындағы "Кардинал" кешенінде Қазақстан демократиялық оппозициясының республикалық форумы басталады. Мұнда оппозициялық партиялардың бірігуі жөнінде сөз болады деп жоспарланып отыр.

Бұл туралы Азаттық тілшісіне түсініктеме берген журналист Ермұрат Бапи: «Бұл форум әлдебір нақты шешім шығаратын немесе директивалық құжат жасайтын жиын емес. Партиялардың бірігуі жөнінде дискуссия болады, соның негізінде әлдебір қарар қабылдануы мүмкін», — деді.
XS
SM
MD
LG