Accessibility links

Боливия президенті аштық жариялады


Боливия президенті Эво Моралес Конгрестің желтоқсан айына белгіленген сайлаудың нақты күнін мақұлдауды ұзаққа созғандығына қарсылық ретінде аштық жариялады. Егер көп бөлігін оппозиция құрайтын ел парламенті жаңа заңды бекіте алмаса, онда барлық сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге қауіп төнбек.

Конгресс мүшелері сайлауға шетелдерде тұратын боливиялықтардың қатысуына байланысты бір келісімге келе алар емес. Сондай-ақ, парламент заңнамалық органда жергілікті халыққа қаншалықты орын берілетіндігі туралы әлі шешім шығарған жоқ.

Эво Моралес 2006 жылдан бері ел президенті. Ол екінші мерзімге сайлауға түсу ниеті барын және оппозицияның әрекеті оған кедергі келтіру үшін әдейі жасалып отырғанын айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG