Accessibility links

АҚШ орталық барлау басқармасы құпия түрмелерін жауып тастамақ


АҚШ орталық барлау басқармасы (ЦРУ) өзінің құпия түрмелерін жаппақ. Бұл бастаманы басқарма директоры Леон Панетта қолға алды, — деп хабарлайды Би Би Си телекомпаниясы.

АҚШ-тан тыс жерлерде орналасқан құпия түрмелер терроризмге қатысты күдіктілерді ұстауға арналған. Құық қорғаушылар мен БАҚ бұл түрмелерде тергеу қысым көрсету тәсілімен жүргізілетінін айтады.

АҚШ президенті Барак Обама билік басына келе сала бұл түрмелерді жабуға уәде берген болатын.
XS
SM
MD
LG