Accessibility links

Саакашвили қызметінен кетпейтінін мәлімдеді


Грузия президенті Михаил Саакашвили оппозиция талабын орындамайтынын баспасөз мәслихатында жариялады. Ол өз сөзінде оппозициямен келіссөздер жүргізіп, бірігуге шақырды.
Шерушілер Тбилисиде өткен түнді көшелерде өткізген болатын. 60 мыңдай адам президент Михаил Саакашвилидің қызметтен кетуін талап етіп, бейсенбіде, парламент үйінің алдында шерулерін бастады. Олар “демократиялық дамуды кері кетірді, өткен жылы Ресеймен соғыста лайықты басшылық жасай алмады”, деп президентті айыптауда. Оппозиция өкілдері президент биліктен кеткенге дейін шерулерін жалғастыра беретіндерін айтуда. Бүгін шерулердің жаңа толқыны болмақшы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG