Accessibility links

Молдова президенті: дауыстар толықтай қайта есептелсін


Молдова президенті Владимир Воронин дауыстарды толықтай қайта есептеуге шақырды. Мұндай үдеріс елдегі саяси тұрақтылықты сақтау үшін қажет деді ол. Сайлаудағы дауыстарды есептеулердің дұрыс жүргізілуі оппозиция талаптарының бірі болып отыр. Шерушілер әрекеті асқынып кетсе, билік қару пайдаланады, деген еді үкімет басшысы Зинаида Гречани бейсенбіде, теледидар арқылы сөйлеген сөзінде. Үкімет ел конституциясын қорғау үшін барлық әрекеттерге барады деді ол. Өткен жексенбіде болған парламенттік сайлауда коммунистердің жеңіске жетуі заң бұзушылық арқылы жүзеге асты дейді шерушілер. Ол шерулер кейде күш қолдануға ұласып, Молдова мен Ресей оқиғаны ушықтыра түсуде деп Румынияны айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG