Accessibility links

Тайланд премьері төтенше жағдай жариялады


Тайланд премьер-министрі Абхисит Ветчатчива сенбі күні Паттайя аймағы мен оның айналасындағы өлкеде төтенше жағдай жариялады. Оның алдында наразылық танытушылар аймақтық саммитке кедергі жасаған болатын. Үкіметке қарсы жүздеген наразылық танытушылар Оңтүстік-шығыс Азия елдері қоғамдастығы мен Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің басқосуы өтпекші болған ғимаратқа шабуылдады. Нәтижесінде билік орындары екікүндік келіссөздерді кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Шерушілер бұрынғы премьер-министр Таксин Шинауатраның қолдаушылары боп табылады.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG