Accessibility links

Грузияда наразылық шаралары жалғасуда


Сенбі күні Грузия астанасы Тбилисидегі наразылық шаралары одан әрі жалғасты. Шерушілер президент Михаил Саакашвилидің қызметінен кетуін талап етуде. Жұма күні наразылық танытушылар азаматтық бағынбаушылық науқанын жариялап, қысымдарын күшейтті.

Шерушілер Саакашвилиді демократиядан алшақтады және жұмыссыздық мәселесін жеңілдету мақсатында жеткілікті дәрежеде жұмыс атқармай жатыр деп айыптауда. Олар сондай-ақ президентті өткен жылы Ресеймен арада орын алған соғысқа байланысты сынап отыр. Тамыз айындағы соғыстан кейін Грузияның жікшіл аймақтары – Оңтүстік Осетия мен Абхазияны сепаратистер мен олардың ресейлік одақтастары толығымен өз бақылауына алды.
XS
SM
MD
LG