Accessibility links

Украина: Тимошенко мен Путин осы айдың соңында кездеспек


Украина үкіметінің хабарлауынша, премьер-министр Юлия Тимошенко осы айдың аяғында ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездеспек. Екі жақ бейсенбі күні телефон арқылы әңгімелесті деп хабарланып отыр. Бірақ Ресей үкіметінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кез келген кездесудің мерзімі әлі нақтыланбады деп мәлімдеді.

Тимошенко мен Путин сәуір айының басында кездесуге тиіс болатын бірақ Ресей Украинаның газ құбырлары желісін жетілдіруіне ЕуроОдақтың көмектесу жоспарына наразылық ретінде әлгі келіссөздерді тоқтатты. Жұма күні Тимошенко Украинаның газ құбыры жүйесіне қатысты қарама-қайшылықтар мәселесі шешілді деп атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG