Accessibility links

Бүлікшілер НАТО күштеріне арналған жүк көліктеріне өрт қойды


Пәкістанның солтүстік-батысында бүлікшілер Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштеріне жүк тасымалданатын бекетке шабуылдады. Полицияның хабарлауынша, жексенбі күні 150-ге жуық қаруланған бүлікшілер Пешауардың жанындағы терминалды нысанаға алып, 8 жүк көлігін өртеп, 3 күзетшіні жаралаған.

Пәкістандағы бүлікшілер Ауғанстандағы Батыс күштеріне арналған жүк көліктері өтетін Хайбер жолындағы бекеттерге жиі шабуыл жасайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG