Accessibility links

Зимбабве үкіметі ұлттық валютаның айналымын тоқтатуға шешім шығарды


Елдің экономикалық жоспарлау министрі Элтон Мангоманың түсіндіруінше, бұл шешім зимбабве долларының құнын ұстап тұруға қаржының мүлдем жоқ болуымен байланысты. Валюта ең аз дегенде бір жыл айналымда болмайды, — деп хабарлайды Би-би-си.

Зимбабве долларының айналымнан шығарылуы ел үкіметінің гиперинфляциямен күресу мақсатында елдегі шетелдік валюталарды легализациялау туралы шешімінің логикалық салдары. Ресми мәліметтер бойынша, Зимбабведе тұтыну бағасы ақпан айында 3,1 пайызға азайса, наурыз айынан бері де құлдырай түсуде. Қазір елде сауда –саттық негізінен оңтүстікафрикандық ранд пен АҚШ долларымен жасалуда.

2008 жылдың шілде айынан бері Зимбабве үкіметі үшін инфляцияны жылдық көрсеткішпен бейнелеудің ешқандай мағынасы қалған жоқ. Бұл уақытта елдегі инфляция 231 млн пайызға жетті, осылайша ондаған миллион долларға бір бөлке нан ғана сатып алуға болатын жағдай орнады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG