Accessibility links

Б.Жәмішев: Қазақстан банктерінің сыртқы қарызы азайды


ҚР қаржы министрі Болат Жәмішевтің хабарлауынша, Қазақстанның екінші деңгейлі банктері сыртқы қарызының ЖІӨ-ге қатынасы соңғы екі жылда екі есеге қысқарған.

«Егер 2007 жылдың алғашқы тоқсанында банктердің сыртқы қарызының ЖІӨ-ге қатынасы 50%-ға тең болса, бүгін бұл көрсеткіш екі есеге қысқарды», — деді министр.

Оның айтуынша, банк төлемдері жүзеге асырылуда. Екінші деңгейлі банктер сыртқы қарызының көп мөлшердегі төлемдері ағымдағы жылдың екінші-төртінші тоқсандарында өтеледі.

ҚР-ның жалпы сыртқы қарызы 2008 жылы 107,8 млрд доллар болған, оның ішінде банк секторының қарызы 39,2 млрд долларды құрады.
XS
SM
MD
LG