Accessibility links

Данияр Хасенов таяуда Қазақстанға оралады


«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ-ның басқарушы директоры Данияр Хасенов шетелде ауыр операция жасатып, ауруханадан шықты, таяуда Қазақстанға оралады, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Локомотив» футбол клубының баспасөз хатшысы Марат Исабаевтың айтуынша, оның денсаулығы қалыпты жағдайға түскен, сондай-ақ жақын арада Отанына оралмақ ниетте.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 14 наурыз күні Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен «Локомотивтің» кездесуінен кейін астаналық команданың негізгі құрамдағы ойыншысы Д. Хасенов ауырып, Алматыға әкелініп, одан әрі опеация жасату үшін Германияға жіберілген болатын.

Данияр Хасенов 2007 жылдың ақпан айынан бері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ-ның басқарушы директоры, ҚР президентінің кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі.

XS
SM
MD
LG