Accessibility links

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары ұсталды


ҚазТАГ – тың хабарлауынша, ҰҚК қызметкерлері ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қажымұрат Маермановты ұстады.

Қ.Маерманов Қазақстанға Израиль әскери кәсіпорынның мүддесін көздеп келген Борис Шейнкманның ісі бойынша ұсталған. 30 наурыз күні ҚР ҰҚК тергеуі бойынша 62 жастағы Израиль азаматы Б. Шейнкманға ресми айып тағылған болатын. Қазір ол тергеу изоляторында.

Израильдің «Курсор» ақпарат агенттігі хабарлағандай, 2008 жылдың күзінде «Солтам» және «Аэронавтикс» компаниялары Қазақстанға ұшқышсыз ұшу аппараттарын тасымалдаған. «Қазақстанның арнаулы қызметі аталған келісімді зерттеуді бастады. Жергілікті БАҚ Израиль Қазақстанға әдейі ескірген құрылғылар тасымалдаған деп жазды. Сондай-ақ Израиль БАҚ-ы аталған әскери әуе компаниялардың Қазақстанға әртүрлі артиллериялық жүйені жеткізгенін хабарлайды», — деп атап көрсетеді «Курсор».

Борис Шейнкманның ісі бойынша ұсталған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасарына Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Казарсенал» кәсіпорнында үш адамның өмірін қиып, 17 адамды жарақаттап кеткен оқ-дәрілердің жарылысына қатысты да айып тағылуда.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG