Accessibility links

Молдовада дауыстар қайта саналады


Молдовада даулы парламенттік сайлаулардағы дауыстар қайта саналуы тиіс. Президент Владимир Ворониннің бұл туралы өтінішін елдің Конституциялық соты жексенбі күні орындауға келісті. Сот төрағасы билік орындарына дауыстарды қайта санау үшін 9 күн уақыт берді.

Алайда оппозициялық қолдаушылар сәуірдің 5-і күнгі сайлауда заңбұзушылықтар орын алды деп айыптап, жаңа сайлау өткізуді талап етуде. Ресми мәліметтерге сәйкес, сайлауда биліктегі Коммунисттік партиясы парламенттегі 101 орынның 60-на қол жеткізіп, жеңіске жеткен. Осыған байланысты Молдовада толқулар орын алды.
XS
SM
MD
LG