Accessibility links

Тайландтағы қақтығыста ондаған адам жараланды


Тайланд қауіпсіздік күштері наразылық танытушыларға қарсы шара қолданған соң орын алған қақтығыстарда кемінде 70 адам жарақат алды. Ел астанасы Бангкокта үкіметке қарсы шерушілерге қауіпсіздік күштері көзден жас шығаратын газ бен ескерту ретінде әуеге оқ атты. Ал наразылық танытушылар болса сарбаздарға тастар мен жарылғыш заттар атты.

Оның алдында премьер-министр Абхисит Ветчатчива Бангкокта төтенше жағдай жариялады себебі шерушілер Азия саммиті өткізілмекші болған ғимаратқа шабуылдаған болатын. Наразылық танытушылар бұрынғы премьер-министр Таксин Шинауатраның қызметіне қайта оралуын қалайды.
XS
SM
MD
LG