Accessibility links

Тайланд армиясының басшысы елде тәртіп орнатпақ


Тайланд қарулы күштерінің басшысы ел астанасында тәртіп орнатылады деп уәде етті. Бұл туралы генерал Сонгкитти Жаггабатара Тайланд ұлттық телеарнасынан сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Бангкокта үкіметке қарсы шерулер жалғасып жатыр, елдің қауіпсіздік күштері наразылық танытушыларды өз бақылауына алуға тырысуда. Сонгкиттинің айтуынша, сарбаздар “бейберекеттіктерді тоқтату үшін кез келген шара қолданатын болады”.

Дүйсенбі күні наразылық танытушылар қоғамдық көліктерге өрт қойды, ал үкімет күштері шерушілерге көзден жас шығаратын газ шашып, ескерту ретінде әуеге оқ атты. Кемінде 70 адам жарақат алды деп хабарланып отыр.

Наразылық танытушылар 2006 жылы биліктен кетірілген бұрынғы премьер-министр Таксин Шинауатраның қызметіне қайта оралуын қалайды.
XS
SM
MD
LG