Accessibility links

Тәжік орталық банкінің аудиті ірі көлемдегі қаржының жоғалғанын көрсетті


Тәжікстанның Орталық банкі тәуелсіз аудит қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, банктің бұрынғы төрағасы ірі көлемдегі қоғамдық қаржыны өз отбасының компаниясына аударған. Бухгалтерлік операцияларды халықаралық Ernst & Young фирмасы тексерген болатын. Бұл аудитке қарағанда, Муродали Алимардонов басшылығы кезінде Орталық банк оның Ценрт-Инвест компаниясына 850 миллион доллардан көп ақша жіберген. Бұл қаржы қайда жұмсалғандығы белгісіз. Алимардонов өткен жылы Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG