Accessibility links

Лебедев Сочидегі сайлауға қатыса алмайды


Ресей соты сәуір айында Сочиде өтетін сайлауға миллиардер Александр Лебедевтің үміткер ретінде тіркелуі заңсыз деген шешім шығарды. Бұл қалада 2014 жылы Қысқы олимпиада ойындары өтеді. Лебедевтің баспасөз хатшысы Артем Артемовтың айтуынша, сот Лебедев тіркелу үшін қажет болған қаржылық құжатын тапсыра алмады деген шешім шығарған. Барлық қажетті құжаттар тапсырылған болатын дейді Артемов. Лебедев соттың шешіміне байланысты аппеляциялық шағым түсірмек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG