Accessibility links

Италияда тағы да жер дүмпуі тіркелді


Италияның орталық бөлігінде тағы да жер дүмпуі тіркелді. Бұл туралы хабарлаған Lenta.ru-дың мәліметінше болуы мүмкін құрбандар мен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Абруззо аймағында тіркелген бұл жаңа дүмпудің магнитудасы Рихтер бағанымен 4,8 -5 баллды құраған. Сейсмологтардың айтуынша, бұл жаңа тербеліс 300 дей адамды құрбан етіп, 3 млрд еуро шығын әкелген 6 сәуірдегі жер сілкінісінен кейінгі тағы бір күшті дүмпу ретінде тіркелді.

Құтқарушылар жаңа тербеліс адамдарға аса қорқынышты бола қоймайды деп сендіруде, себебі қауіпті аумақтардың тұрғындары эвакуация жасалған.
XS
SM
MD
LG