Accessibility links

Нұрлан Смағұлов: Мұхтар Жәкішев қашқан жоқ, шетелде емделіп жатыр


ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, «Астана-групп» президенті Нұрлан Смағұлов өзінің досы, «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басшысы Мұхтар Жәкішевтің «кенеттен жоғалуы», «шетелге қашып кетуі» туралы айтылып жүрген әңгімелерді жоққа шығарып, оларды «шындыққа жанаспайды» деді.

«Қазір Мұхтар Еуропада, жүрек талмасымен ауруханада жатыр, таяуда өзінің қызметіне оралады деп үміттенемін. Ал оны «БТА банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа қарсы қылмыстық іске байланысты қашып кетті, Қазақстанға қайтып келмейді дегендердің бәрі - бос сөз, жалған қауесет», — деді Н. Смағұлов.

1 сәуір күні «Нұр Отан» партиясының мүшесі Татьяна Квятковская ҚР бас прокуроры Рашид Түсіпбеков пен ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаевқа қайрылып, «Қазатомпромның» президенті Мұхтар Жәкішевті елдегі уран кен орындарын "өзімен сыбайлас БТА банктің" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовпен бірге өз тамыр-таныстарына үлестірген деп кінәлап, мәлімдеме жасаған еді.

Ал Мұхтар Жәкішев болса Т.Квятковскаяның жасаған мәлімдемесінің «саяси астары» болуы мүмкін деп айтқан-ды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG