Accessibility links

Кастро: Куба қатал эмбаргоның алынғанын қалайды


Кубаның бұрынғы жетекшісі Фидель Кастро Құрама Штаттардың елге тыйымын тоқтатуға шақырып, бірақ Куба қайырымдылық сұрап отырған жоқ деді.
Кастроның бұл мәлімдемесі бірнеше сағат бұрын АҚШ әкімшілігінің соңғы 30 жылдан бері бірінші рет тегі кубалық американдықтардың аралға ақша аударып, баруына салған шектеуін алып тастаған соң болып отыр.
Кастро енді өзінің бауыры, Кубаның қазіргі президенті Рауль Кастро бұл мәселеде Вашингтонмен келіссөздерге баратын болады деді.
XS
SM
MD
LG