Accessibility links

Молдова оппозициясы қайта есептеуге бойкот жариялады


Молдованың басты оппозициялық партияларының жетекшілері сәуірдің 5-де өткен парламенттік сайлаулардың даулы дауыстарын қайта санауға өздерінің бойкот жариялайтындықтарын айтып отыр.
Біздің Молдова, Либералдық партия және Либералды Демократиялық партия жетекшілері бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында дауыстарды қайта есептеудің орнына, қайтандан сайлау өткізуге шақырып отыр.
Ресми қортындылар бойынша, дауыс беруде биліктің Коммунистік партиясы 50 пайыздай дауыспен басым түсті. Оған қарсылық танытқан оппозицияны қолдаушылар көтерілісінен кейін ел президенті Владимир Воронин дауыстарды қайта санау жөнінде Конституциялық кеңеске өтініш берген.
XS
SM
MD
LG