Accessibility links

Тбилисидегі шерулер 6-шы күнге жалғасты


Тбилисидегі парламенттік ғимараттың сыртында бірнеше мың адам шеру өткізіп, президенттің орнынан кетуін талап етті. Ондаған адам өткен түнді президенттік кеңсенің жанында тігілген шатырда өткізді.
Оппозицияны қолдаушылар президент Саакашвили билікке келген 2003 жылдан бері өктемшіл болып барады, тамыз айындағы Ресеймен қақтығысты реттей алмады деп оны айыптап отыр.
Саакашвилиді биліктен кетіруге шақырған шеруге бірінші күні 60 мың адам қатысқан болатын, кейін олардың қатары азая бастады.
Бүгін президент Михаил Саакашвили бұл қарсылық шараларының артында Ресей тұр деп айтты.
XS
SM
MD
LG