Accessibility links

Боливия президенті аштық акциясын тоқтатты


Боливия президенті Эво Моралес ел парламенті сайлау туралы жаңа заңды қабылдап, өзіне жаңа мерзімге сайлауға түсуге мүмкіндік берілгеннен кейін 5 күнге созылған аштық акциясын тоқтатты. Боливия парламенті президент сайлауын осы жылдың 6 желтоқсанына белгіледі.

Эво Моралес желтоқсан айына жоспарланған сайлаудың нақты күнін белгілемеген ел парламентінің әрекетіне наразылық ретінде 10 сәуірден бастап аштық жариялаған болатын. 2006 жылы президенттікке сайланған Э.Моралес екінші мерзімге сайлауға түсуге ниетті, оның ойынша көп бөлігін оппозиция құрайтын парламент оның әрекетіне кедергі келтіру үшін әдейі уақыт созған.
XS
SM
MD
LG