Accessibility links

АҚШ Грузияға 242 млн доллар көмек бермек


АҚШ Грузияға көмек ретінде 242 млн доллар бөледі, — деп хабарлады Грузияның қаржы министрі Каха Баиндурашвили.

«Бұл АҚШ-тың Грузияға бермек болған бір миллиард доллар көмегінің бір бөлігі. АҚШ конгресі бұл мәселені қарастыруы тиіс», — деді министр.

Грузия премьер-министрі Ника Гилауридің айтуынша, берілген көмектің 20,5 млн доллары құқық қорғау органдарына, 133,5 млн доллары экономикалық жобаларға, ал 68, 5 млн доллары Абхазия босқындарының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жұмсалады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG